Үйлену тойға тілек

Біз күнделікті өмірде түрлі құттықтаулар мен тілектер естиміз, болашақ туралы, өмір туралы. Басқаша айтқанда,құттықтау тілектерін әдемі және қызықтырып айту— бұл нағыз өнер.

Ал егер сіз біреудің үйлену тойына тап болсаңыз  және сіз жай ғана жақсы тілек айтуыңыз керек болса, не істеу керек? Бұл жағдайда біз сізге көмектесе аламыз. Себебі біздің мақала –“Үйлену тойына” тілектердің бірнеше үлгісін көрсете алады.

Үйлену той әр отбасы үшін маңызды күн болып есептеледі. Ата- ана тойдың өте жақсы өтуіне қатты тырысады, ал тойға келген меймандар өздерінің ізгі тілектерін білдіріп жатады. Кейде тілекайтудан бас тартып, қашқақтап жүретіндер де кездесіп жатады.

Құрметті жиналған қауым, бәріміз үшін қуанышты күн, Әсіресе, жас жұбайлардың ата- анасы үшін ерекше және ең бақытты күн.

— Ал мына екі жас бір-бірімен жарасып, отау құрмақ ойлары бар екен. Жас отаудың шаңырағы биік болсын! Керегесі кең болсын!. Ата-анаңның үйінен ата-енеңнің үйіне кетіп бара жатырған қадамың құтты болсын!
-Ұлым басыңа қонған бақытың екеуің ұзақ, тату-тәтті өмір сүріңдер. Бір-біріңе деген махаббат ешқашан сөнбесін және құрметтерің өмір бойы жалғассын.

— Құрметті жас жұбайлар! Бүгінгі мерекелік кеште сіздерге шын жүректен тілек білдіргім келіп отыр. Отбасылық өмірде тек жарқын, қуанышты,бақытты сәттер ғана емес, қиын қыстау күндерде болады. Сіздерге өмір жолының қиын кезеңдерін бірге қол ұстасып өтуге, бір-біріңді әр кез қолдауға, отбасылық қиындықтарды бірге шешулеріңізге тілектеспіз. Бір-біріңізге қолдау болыңыздар!

-Құрметті жас жұбайлар! Сіздерді неке қию күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ешқандай қиындықтар сіздердің махаббаттарыңызға кедергі келтірмесін. Кез-келген жағдайда бір-бірлеріңізге қолдау корсетіп, өмірдің сынақтарында бірге жүріп сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Үйлеріңізде міндетті түрде балаларыңыздың күлкісіне толы болсын.

“Үйлену тойына” тілектердің бірнеше үлгісін көрсете алады

— Қымбатты балалар! Сендерді шын жүректен отау құрған күндеріңмен құттықтаймыз және мәңгілік махаббаттарың баянды әрі қызықты болсын. Сендердің сенімдерің күн сайын нығайып, мықты және бір- біріңе тірек бола алатын отбасыға айналыңдар.Үйлеріңнен құрмет, молшылық, қуаныш, сәттілік және кішкентай бүлдіршіндеріңнің күлкілері кетпесін!

— Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.

Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл. Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын дегім келіп отыр.

— Құрметті жас-жұбайлар! Сендерді өмірлеріңдегі осынау маңызды оқиғамен құттықтағым келеді. Сендерге тілерім көп. Бір-біріңе деген қазіргі сезімдеріңді сөндірмей, өмір бойы сақтап жүріңдер. Бір-біріңе қамқорлық көрсете отырып, махаббаттарыңды қорғай біліңдер. Қиындыққа мойымай, бір-біріңе қолдау көрсетіңдер. Кез келген жағдайда бір-біріңе тіреу болып, шаңырақтарыңның, некелеріңнің беріктігін сақтаңдар!

— Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз! Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз! Бүгінгі күн — сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. «Үйлену оңай, үй болу қиын»,- дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін. Сіздерге тілейтініміз — бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын! Үйлеріңізден сүйіспеншілік, береке мен тыныштық, сабырлық, ауызбіршілік кетпесін. Бір-біріңізге деген махаббат пен сенімді жоғалтпай, өмір бойы бір жастықта қартайып, жақсы да тату тәтті өмір сүріңіздер!

Понравилась статья? Расскажите об этом Вашим друзьям!

Статьи

Где купить свадебное платье в Караганде?

Спрашиваете: "Где купить свадебное платье в Караганде?" Тогда заходите к нам и читайте эту статью, здесь мы расскажем вам о самых топовых магазинах этого города.

Свадебные салоны Алматы

Где купить свадебное платье в Алмате?

У каждой девушки приходит время, когда она задается вопросом ГДЕ ЖЕ КУПИТЬ КУПИТЬ СВАДЕБНОЕ ПЛАТЬЕ В АЛМАТЕ? И на помощь приходят поиски информации в интернете. Для этого мы решили рассказать вам про свадебные салоны города, чтоб вы не тратили много времени на поиски, а сразу нашли все ответы у нас!

Зимняя фотосессия

Зимняя фотосессия

Как часто мы хотим провести зимнюю фотосессию? Я думаю очень часто, но нас одолевает страх из-за погоды, локации и тд. Но помните, что зимняя фотосессия это всегда волшебная атмосфера и невероятные эмоции. В этой статье мы предложим Вам познакомиться с прекрасными локациями для волшебной фотосессии.